Олимпиадаға қатысатын Қазақстан делегациясына 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Олимпиадаға қатысатын Қазақстан делегациясына 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл ақпаратпен Спорт комитеті бөлісті.

“Қазақстандық делегацияның қатысуына жұмсалған шығын көлемі қазір 896 млн 687 мың теңге. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген бұл қаражатқа спорт нысандарын жалға алу, сақтандыру, қазақстандық делегацияның ұшуы, штаб мүшелерінің тұратын орны мен тамақтануы кіреді”, – делінген хабарламада.

Делегация мүшелері Олимпиада үшін арнайы салынған аумақта тұрады.

Париждегі Олимпиада ойындарына 209 қазақстандық барады:


Фото: atamekenbusiness,kz