Қызылордада газ баллоны жарылды: Балалар жансақтау бөлімінде

Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газдың шығуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындады. 4 жасөспірім зардап шеккен. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық ТЖД балалар мен жасөспірімдерге электр, газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін түсіндіруді сұрайды.

Дереккөз/фото: qazaqstantv