Түркістан облысында Қасым, Жомарт, Кемел атты үшем дүниеге келді

Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем (ұл) босанып, 10 баланың анасы атанды.

Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-ші аптасында босанған. Көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың есімін анасы қойған.

“Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық", - деді үшемнің анасы.


Фото: t.me/tengri_kz