Еңбек адамына берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар қатарына енеді

Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал. Бұл туралы 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жолдау аясында ол еңбек адамына берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына енетіндігін айтты.

"Сондықтан инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылады. Еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді, еңбек адамның абырой-беделін көтереді" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда