Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді.

«Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты»,-деді Қ.Тоқаев.

Фото: Ақорда