Бас прокуратураның мәліметінше, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлына қарасты жеке компанияның пайдасына су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі 332 миллион теңгеге сатылған.
«Алматыда орналасқан кәсіпорын 662 млн теңгеге бағаланды. Бұл ретте мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 млрд теңгені құрады, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді құнын төмендетіп көрсетуден көрінді», - делінген департамент хабарламасында.
Фото: ratel.kz