Олжас Сүлейменов ҚР Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Фото: freepik.com