Роналду ресми матчтарда 900 гол соққан алғашқы ойыншы атанды

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мансабындағы 900-ші голын соқты. 39 жастағы ойыншы Ұлттар лигасының бірінші турында Хорватия қақпасын дәл көздеді.

Шабуылшы 34-минутта гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізіп, ұлттық құраманың жеңісіне үлес қосты. Бұл гол Роналдудың мансабындағы 900-ші голы болды.

Осылайша, Криштиану футбол тарихындағы ресми матчтарда 900 гол соққан алғашқы ойыншы болды. Ол үшін Роналду 1237 ойынға қатысты. Роналду ұлттық құрама сапында 213 матчта 131 гол соққан.


Дереккөз: inform.kz

Фото: championat.com