АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты құрал

Атом энергетикасы әлем елдері үшін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты құралға айналды.

Қазір әлемде 440 реактор бар. Олар қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығармайды, осылайша климаттық дағдарысты еңсеруге де елеулі үлес қосады. Бұдан бөлек жаңа жұмыс орындарын құрып, ғылыми-техникалық сектор мен инновациялардың дамуына да серпін береді дейді сарапшылар. Мұндай мүмкіндікті молынан пайдаланып отырған елдердің үздік үштігінде АҚШ, Қытай және Франция мемлекеттері бар.


Фото: kapital.kz