Көшпенділер ойыны: Қазақстан – көшбасшы

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

8-13 қыркүйек аралығында өткен додаға 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысты.


Фото: massaget.kz