Елімізде алдағы үш күнде үсік жүреді, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазгидромед мамандары ертеңнен бастап 19 қыркүйекке дейін республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік- батысында және шығысында -5 градусқа дейін үсік болатынын ескертеді.
Ал еліміздің басқа өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Мамандар бұны антициклонның келуімен байланыстырып отыр.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Фото: pixabay