Статистикаға сәйкес, елімізге келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мысалы, жақын көршілерден бөлек, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады.
2024 жылдың алғашқы 6 айында елімізге ең көп саяхатшы Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 186,1 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 69 918 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Үндістан (53 695 адам) жайғасты. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында Түркия (30 312) және АҚШ (19 597) елдері бар.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 515,8 мың шетелдік турист келген.
Дереккөз: inbusiness.kz
Фото: astanatv.kz