Елімізде қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды

Бас мемлекеттік санитардың қаулысына сәйкес, 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі.


Жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына қарсы екпені салу үшін ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің келісімі алынады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елімізде індетті жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұқтырады.

Жатыр мойны обыры – Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25-44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік.


Фото: baq.kz