Соңғы жылдары атом электр станциясын дамыған елдер көптеп салып жатыр. Себебі ол экономикаға оң әсер тигізіп, барлық елде электр энергиясының арзандауына сеп болады. АЭС салынған өңірдің де экономикалық көрсеткіштері артады. Шетелдік сарапшылардың пікірі осындай.
"Чернобыль және Фукусима атом электр станцияларындағы апаттардан кейін көптеген елдер атом электр станцяларынан бас тартқан еді. Алайда қазір атом электр станцияларын салу кезінде қауіпсіздік басты назарға алынады, жаңа технологиямен салынады. Сондықтан Ресей, Қытай, Үндістан көптеп салуда. Бұл ең алдымен төмен көмірсутекті энергетика, парниктік газдың таралуына жол бермейді, сондықтан экологияға зиян келтірмейді", дейді РФ энергетика және қаржы институтының президенті Марсель Салихов.
Фото: tengrinews.kz