Енді барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс

Енді барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Сенат мопедтерге қатысты жаңа заңды мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын мопедтер енді тіркелетін болады.

Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттары бар азаматтар да мопед басқаруға құқылы.

Сондай-ақ көлік құралдарына техникалық байқауды жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды.

Фото: gov.kz