Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. 

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды. Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты.

Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия, Таиланд, Франция командалары шықты.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.


Фото: tengrisport.kz