ҚР Президенті ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналғанын айтты.
«Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты», - деді Президент.
Мемлекет басшысы ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды екенін тоқталды. Сондай-ақ, баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажеттігін атап өтті.