Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мәслихат депутаттарының форумында айтты.
«Халықтың ерекше қолдауына ие болып отырған тағы бір бастама – «Жер аманаты» жобасы. Бұл жұмысты Үкіметпен, Бас прокуратурамен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 11 млн га жер мемлекетке қайтарылды», - деді Е.Қошанов.
Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы да жемісті іске асуда. Соның арқасында мыңдаған азамат шағын кәсібін ашып, тұрмысын түзеді. Жоба жүздеген отбасының атаулы әлеуметтік көмектен арылуына септігін тигізді.
Фото: aikyn.kz