Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй құрылысы анықталды

Осы нысандарға жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Биыл 64 нысанды заңсыз салып жатқан 51 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір 12 компанияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ведомство жаңа салынып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының сенімділігін тексеріп алуды ұсынады.


Фото: zakon.kz