Қызылорда облысында 103 жастағы соғыс ардагері дауыс беруге келді

Қызылорда облысында 103 жастағы соғыс ардагері дауыс беруге келді, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Сырдария ауданында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.

Бірлік әрқашанда маңызды. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, - деді майдангер.

Облыста 492 380 адамның дауыс беру мүмкіндігі бар. Өңірде 380 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

Фото: qazaqstan.tv