Қазақстан бойынша барлық референдум учаскелері жұмысын бастады

Қазақстан бойынша барлық референдум учаскелері жұмысын бастады.

Осы сәттен бастап дауыс беруге құқылы 12 млн 250 мыңға жуық отандасымыз таңдауын жасай алады. Дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істейді. Республикалық референдумға 30 шет мемлекеттен 75 және 4 халықаралық ұйымнан 102 байқаушы ресми түрде қатысып жатыр.

Дауыс беру нәтижелері 7-12 қазан аралығында жарияланады.

Дереккөз: qazaqstan.tv

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев