Орталық Азияның әлем картасындағы орны ерекшеленіп келеді - Мемлекет басшысы

Бұл туралы Президент Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жақын көршілермен тығыз ықпалдастыққа бейіл екенін атап өтті.


“Қазіргі жағдайды он жыл бұрынғы ахуалмен салыстыруға келмейді, мүлде өзгеше. Бүгінде біз белсенді ынтымақтастықты дамытып келеміз, ауқымы кең мәселелер бойынша санқырлы байланыс орнатылды. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жиі кездеседі. Ортақ мәселелерді бірлесе пысықтайды. Бұл басқосулардың нәтижесі мол.

Сондықтан менің жауабым айқын. Біздің саяси ұстанымдарымыз стратегиялық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған.

Меніңше, Орталық Азияның әлем картасындағы орны ерекшеленіп келеді. Менің аймақтағы әріптестерім мұнымен келіседі деп ойлаймын. Біз осы өте маңызды өңірдің әлеуетін нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз”, - деді Президент.