Шахтинскте Qarmet қызметкерлерін бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция Теміртау, Саран, Абай қалаларында да тергеу жұмыстарын жүргізіп, осыған дейін Qarmet объектілерінен тауарлар мен материалдарды ұрлап, кәсіпорын қызметкерлерін бопсалап келген бірнеше топты қамауға алды.

Аталған факт бойынша 100-ден астам азамат күдікті болып, 39 адам қамауға алынған. 3 қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

«150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді», - дейді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының 

өкілі Қуандық Алпыс.