Қазақстанда 23 шетелдік университеттің филиалы ашылды

Астанада өтіп жатқан «Conneсted-2024» халықаралық конференциясында ҚР Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова осылай мәлім етті.

Вице-премьер білім саласындағы әріптестік үш негізгі мақсатты көздейтінін атап өтті.

«Бұл - халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламасын меңгерген, еңбек нарығы сұранысына ие жоғары білікті кадрларды дайындау, оқу бағдарламалары мен оқыту технологияларының озық үлгілерін трансферттеу, ғылым және инновацияларды дамыту»,
- деді Тамара Дүйсенова.


Фото: stan.kz