Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді

Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.

Айта кетейік, биыл өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар.

Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.


Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі