Биыл 14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2024 жылда 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 39% — Өзбекстаннан, 5,9% — Моңғолиядан, 5,2% — Түрікменстаннан, 2,9% — Ресейден және 1,2% басқа елдерден.

«Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 9,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 24,4%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды», — деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.



Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі