Президент БРИКС-тің саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.