Қазақстан моңғол студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Моңғолия Президентімен келіссөздер кезінде айтты.

Президент, сондай-ақ, екі ел ғалымдарын ортақ бай тарихи мұрамызды бірлесе зерттеуге шақырды. Және экологиялық, тарихи, этнографиялық және экономикалық туризм бағыттарында бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

– Қазақстандық туроператорлар моңғол туристеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан ежелгі Түркістан қаласын таныстыра алады. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның мазары тұрған Ұлытау облысын және басқа да туристік орындарды көрсетуге болады. Сондай-ақ біз Моңғолиямен Алтай туризм кластерін дамытуға және ортақ туристік бағыттарды қалыптастыруға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы тауар айналымын 500 млн долларға дейін жеткізу туралы ұсынысын қолдады.