Ертең елімізде тұңғыш рет «Егемендігім - елдігім» атты республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы басталады.
Мақсаты - Республика күні мен Тәуелсіздік күні мерекесінің маңызын, елдің мемлекетік рәміздерін, жетістіктерін, ұлттық құндылықтарды ақындық өнер арқылы жас ұрпаққа насихаттау. Шараны Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп ұйымдастырмақ.
Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазы. Айтысқа еліміздің 20 өңірінен 12 мен 18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысады. Екі күн бойы оқушылардың өнерін депутаттар, белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы бағалайды. Бас жүлде иегеріне қаржылай сыйлық пен арнайы жасалған домбыра табысталады.
Фото: gov.kz