Түркістанда 147 млрд теңгеге мақта өңдеу зауытының құрылысы басталды

Зауыт Louis Vuitton және Gucci-ге жіп пен мата жеткізуді жоспарлап отыр. Онда 2000-нан астам жұмыс орны ашылады.

Жылына 13 мың тонна жіп, 50 миллион метр үй текстилі және 7 миллион комплект төсек жапқыштары өндірілетін болады.

Түркістан облысы еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір және мақтаны терең өңдеуге баса назар аударады. 2027 жылға дейін тоғыз мақта кластерін құру жоспарланған.