Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында осылай деді.
«Соңғы 30 жылда мұнай өндіру көлемі үш есе өсті. Нәтижесінде Қазақстан мұнай өндірісінде алғашқы 5 елдің қатарына кіруге мүмкіндік алды. Болашақта біз жыл сайынғы мұнай өндірісінің көлемін 100 миллион тоннаға жеткіземіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, өткен жылы өндіріс көлемі 90 млн тонна болды, оның 70,5 млн тоннасы экспортталды.
Одан бөлек Президент еліміздің Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретінде өзінің позициясын нығайтатынын атап өтті. Осы мақсатта Үкімет 11 мың километр теміржолды жөндеп, 5000 километрден астам теміржол салуды жоспарлап отыр.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Фото:ult.kz