ІІМ-де киберқылмысқа қарсы департамент құрылды

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.

– Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке  неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді,
– деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.