Бизнестің кадр даярлау ісіне ынтасын арттыруымыз керек – Олжас Бектенов

Бизнестің кадр даярлау ісіне ынтасын  арттыруымыз керек. Бұл туралы «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» форумында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

«Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Жұмысшы кадрлар — еліміздің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуына негіз болатын басты өндіруші күш, негізгі адами капитал. Кәсіби білім беру мен бизнестің әріптестігі кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда 9 мыңнан стам кәсіпорын дуалды оқыту жүйесіне атсалысуда. 518 компания 410 колледжді өз қамқорлығына алған. Алайда Қазақстан экономикасының ауқымына салсақ, бұл көрсеткіш жеткіліксіз екені түсінікті. Біз бұдан әрі де бизнесті кадрларды даярлау және қайта даярлауға тарта ісіне ынталандыра түсуіміз керек. Осыған байланысты кәсіп иелерін кадрлық сапаға мән беруге шақырамын. Студенттерге тәжірибеден өту алаңын ұсыну және ЖОО бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тиімді жүйе қалыптастыру жолында шараларды қолға алу керек. Әлемдік тәжірибеде қолданылатындай, жұмыс орындарын квоталау – бұл мәселеде тиімді тәсіл болуы мүмкін», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Олжас Бектенов салалық өнеркәсіптік білім беру кластерін құру арқылы кадрларды даярлаудың желілік формасын дамыту керектігін атап өтті.