Астанада самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бәсекеге 80 мемлекеттің 469 спортшысы қатысады. Біріншілікте ел намысын 28 балуан қорғайды. Арасында 3 әлем чемпионы бар. Жарыс жүлде қоры 311 мың АҚШ доллар. Қазақстан Самбо федерациясының бас хатшысы Ерназар Бексұлтановтың айтуынша, дода 2025 жылы Чэнду қаласында өтетін дүниежүзілік ойындарға қатысу үшін соңғы іріктеу турнирі болмақ.