15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1993 жылы 15 қараша күні төл теңгеміз алғаш рет айналымға енді.
1993 жылы 12 қарашада ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.
Басында ұлттық банк бір теңгені мың сомға бағалаған. Кейін оны 500 сомға дейін түсірді. Ескі ақшаны 5 күннің ішінде айырбастап тастады.
Ұлттық валюта айналымға шыққанда бір долларға шаққанда бағамы 4,75 теңге болған.
Фото: dknews.kz