Мықты мемлекет боламыз десек, ауылды дамыту аса маңызды. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі ауылда сақталған. Президент жиында «жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтау керек» деген үндеу тастады.
"Ауылдан шыққан мықты кәсіпкерлер көп. Іскер азаматтарды ауыл-аймақты көркейтуге шақырамын. Адал еңбекпен табысқа жеткен азамат ауылын дамытуға үлес қосқаны жөн деп ойлаймын", - деп толықтырды Қ.Тоқаев.