Бұл туралы Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысында жарияланды. Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымының жиынына Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Жиында Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті.
Сонымен қатар Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді.
Фото: kazgazeta.kz