Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында.
Жаңа құрылған институттың жұмысы асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған.
Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек.
Биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пункті салынып, арнайы жылқы өсіруші мамандарды дайындау жоспарланып отыр.
Дереккөз: qazaqstan.tv