Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды. Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.