Бүгін Астанада “Шашбаулым” танымдық-этнографиялық сайыс өтті

Бүгін Астанада “Шашбаулым” танымдық-этнографиялық сайыс өтті. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - ұлттық құндылықтарды жастарға қызықты етіп дәріптеу.  Іс-шараға жалпы саны 16 бойжеткен қатысты. Дарындар байқауына тілшіміз Бейбарыс Сакенұлы да  барып қайтқан еді.

Биыл бұл байқауды “Қара шаңырақ” қоғамдық бірлестігі екінші мәрте ұйымдастырып отыр. Бірлестік басшысы - Тұрар Шәкен сұлулардың
үш критерий бойынша сынға түсетінін айтты.

Байқаудың бас төрешісі - театр және кино әртісі, драматург Сағаділдә Үсібәлі іс-шара идеологиялық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

Ақылына көркі сай бойжеткендерге марапаттау рәсімінде отандық дизайнер жасаған әшекей-бұйымдар табысталды. "Шашбаулымның" бас жүлдесін  Астана қаласы "Сервис және туризм" колледжінің білімгері - Наргиз Мәлікова иеленді. Оған конкурсқа арнайы дайындалған  шашбау табысталды.