Биыл жер қойнауын пайдаланушылар 4,3 трлн теңге инвестиция құйды

Биыл 9 айда жер қойнауын пайдаланушылар 4,3 трлн теңге инвестиция құйды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

- Кен орындарын тезірек игеруге тарту мақсатында бір келісімшарт бойынша барлаудан бағалауға, ал 10 келісімшарт бойынша барлаудан өндіруге көшу жүзеге асырылды. Биыл екі электронды аукцион өткізілді, олардың барысында 15 учаске сатылды. Қол қою бонусының түпкілікті көлемі 32,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде бүгінгі таңда бюджетке 9,1 млрд теңге түсті. Геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі 82,5 млн долларды құрады. Сондай-ақ, 56 іздеу жұмыстарының жобасы ескерту тәртібінде тапсырылып, оларды жер қойнауын пайдаланушылар өздері бекітті, - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл әрбір жерқойнауын пайдаланушыға жобалау құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге кететін екі ай уақытты үнемдеуді, далалық жұмыстарды жылдам бастауға мүмкіндік берді.


Фото: egemen.kz