Заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкентте жатақхана салынады

Елге қайтарылған активтер есебінен «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған.

Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінің ғимараты 1975 жылы салынған. Орын тапшылығына байланысты ондағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлме ретінде жабдықталған.