«Атырау-Астрахань» жол жобасының құрылысы аяқталды

«Атырау-Астрахань» жол жобасының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық «Атырау-РФ шекарасы» жолының 272 шақырымында жұмыстардың аяқталғанын хабарлады.

Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінде жүзеге асырылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Оны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты.

Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақ бар.

Жолдың бойында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр салынып, 10 демалыс алаңы абаттандырылды.

Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді.

Фото: qazaqstan.tv