2025 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрі инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға өседі.

Ынтымақты зейнетақыны – 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген.

Базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңге.

Ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңге болады.

Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейді.


Фото: elordainfo.kz