Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежай салынады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Қазіргі таңда жер учаскесін рәсімдеу және жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, 2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.
Теміржол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.
Фото: turkystan.kz