Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин дүниеден озды. Бұл туралы ұлы Едіге Мағауин хабарлады.
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, тарихи романдардың авторы 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.