«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «2025 жылдың ең перспективалы жаңа бағыты» номинациясын жеңіп алды

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «2025 жылдың ең перспективалы жаңа бағыты» номинациясын жеңіп алды.

Қазақстан қытайлық туристер үшін ең перспективалы бағыт болып танылды. 230 миллионнан астам пайдаланушысы бар «Tongcheng Travel» онлайн-туристік агенттігі елімізде көршілес туристердің айрықша өскенін атап өтті. Еске салсақ, 2024 жыл «ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ» деп жарияланған  еді. Нәтижесінде, 2024 жылы  елімізді саяхаттауға сұраныс 300 %-ке дейін өсті. Туристер қатарындағы ҚХР-дан келушілер үлесі 650 мыңнан асып жығылады.  

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында өзара визасыз режім күшіне енген еді. Келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары бір сапарда 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Мәміле туризм, емделу мен іссапарларға және транзиттік сапарларды қамтиды.

Бұдан бөлек, Ұлыбританияның «Lonely Planet» басылымы мемлекеттерден Қазақстанды, «CNN Travel» қалалардан Алматыны 2025 жылы саяхаттауға арналған ең жақсы орындар тізіміне енгізді.

Фото: inform.kz