Қазақстандық студент-спортшылардың бірінші тобы Туринде (Италия) өтетін XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысу үшін Астанадан ұшып шықты. Универсиадаға қатысушыларды шығарып салу рәсіміне ҚР ҒЖБМ вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «ҰҒПО» РМҚК бас директоры Арман Ташметов және БАҚ өкілдері қатысты.
Туринге бірінші болып Хоккейден Қазақстан командасы (8-9 қаңтарға қараған түні) барды. Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында Абылайхан Сүлейменов Мемлекеттік Туды көтереді. Қаңтардың тоғызынан онына қарған түні Туринге 16 шаңғы спортшысы және Қазақстан атынан қатысатын парашаңғышы жарысында 5 адам аттанды.
Ғылым және жоғары білім Вице-министрі ел намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдіріп, оларға сәттілік тіледі.
Фото: gov.kz