Қайтарылған активтер есебінен Алматы облысында жаңа спорт кешені салынады

Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда.

Спорт кешені  дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабағын және жарыс өткізуге арналған.

Былтыр Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды,  басым бөлігі ауылдық жерде.