ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
- бакалавриат – 52 372 теңгеге дейін;
- педагогика және медициналық бағытында білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
- магистранттарға – 117 098 теңгеге;
- докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Фото: inbusiness.kz